«Барыстың» қалқаны Еремеев 67 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ
Желтоқсанның басында «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті кездесуінде «Северсталь» командасын 3:0 есебімен жеңді. |
Бұл ойында астаналық клубтың қақпасын Виталий Еремеев қорғап, қонақтардың бірде-бір соққысын дарытқан жоқ. Сөйтіп, өз қақпасын «құрғақ» сақтап, «Барыс» жеңіске жетті. Бұл - Еремеевтің спорттық карьерасындағы ҚХЛ мен оған дейінгі Ресей чемпионаттарын қоса есептегенде 67-рет өз қақпасына гол жібермей, ойынды «нөлмен» аяқтауы. Әзірше 67 ойында өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, «құрғақ» сақтап қалған ешкім жоқ, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Еремеев қазір 37-ден асты. Сондықтан биылғы маусымда бапкерлер оған көп күш салмай жүр. Тәжірибелі қақпашыны Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы маңызды ойындарына сақтап жүрген де болар.
Жақында Құрлықтық хоккей лигасы Еремеевтің осы ерен жетістігіне тоқталып өтіп, одан кейінгі орындағы екі қақпашының көрсеткіштерін де жариялады. Александр Ерёменко мен Василий Кошечкин әзірше 46 ойынды «нөлмен» аяқтап, өз қақпаларына гол жібермеген екен. Әрине, екеуі де Еремеевтен біршама қалып қойған. Бірақ Ерёменко Қазақстан құрамасының қақпашысынан бес жас кіші болса, Кошечкин сегіз жас кіші.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін