«Барыстың» шабуылшысы Пушкарев төбелес ашқаны үшін дисквалификацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыстың» шабуылшысы Пушкарев төбелес ашқаны үшін дисквалификацияланды

«Барыстың» шабуылшысы Пушкарев төбелес ашқаны үшін дисквалификацияланды

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Константин Пушкарев төбелестер үшін бір матчтан шеттетілді,

  • 20 Қараша 2012
  • 339
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтына сілтеме жасап, Vesti.kz сайты.

Форвард лиганың тұрақты чемпионаты барысында орын алған төбелестер үшін жазаланды, ол 5 минуттан ойыннан екі рет шеттетілді. Естеріңізге сала кетейік, ҚХЛ-дың ережесіне сәйкес, жазықты ойыншы бір матчқа автоматты түрде дисквалификацияланады.

Осылайша Пушкарев ертең, 21 қараша күні өтетін «Барыстың» Челябінің «Трактор» командасына қарсы матчын сырттан тамашалайды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық клуб осы маусым аясында Челябінің командасымен бұған дейін кездескен болатын және 3:6 есебімен есе жіберген.

Соңғы жаңалықтар