Баскетболдан әйелдер командалары арасында алматылықтар мен астаналық "Жолбарыстардың" кездесулері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетболдан әйелдер командалары арасында алматылықтар мен астаналық "Жолбарыстардың" кездесулері өтеді

Баскетболдан әйелдер командалары арасында алматылықтар мен астаналық "Жолбарыстардың" кездесулері өтеді

Бүгін Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командары арасында ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында жергілікті "Алматы" мен Астана "Жолбарыстарының" сайысы өтеді.

  • 1 Қараша 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz


Қазір олардың екеуінің де есебінде екі жеңіс, екі жеңіліс бар. Сондықтан олардың қай-қайсысы болмасын жеңіс үшін бар күшін сарқа жұмсауға тырысады. Турнир кестесінде бүгінгі таңда үш ойында жеңіске жетіп, бір ойында жеңіліс тапқан Павлодардың «Ертісі» көш бастауда. Ал алматылықтар екінші, астаналықтар үшінші сатыда, Көкшетаудың «Оқжетпесі» бір жеңіс, үш жеңіліспен соңғы төртінші орында тұр. Ал ертең «Алматы» мен «Жолбарыстардың» екінші қарымта кездесуі өтеді. Аға бапкер Оксана Антипова алматылықтардың өз алаңындағы бұл сайыстарында Станислава Федотова, Юлия Ударцева, Екатерина Пивненко, Ангелина Михайлова, Алена Лукьянова, Анна Кучерявых, Зоя Димеденко мен Алла Кулагаға үміт артпақ.

Соңғы жаңалықтар