Баскетболдан әлем біріншілігінде Токио Олимпиадасына жолдама алғандар белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетболдан әлем біріншілігінде Токио Олимпиадасына жолдама алғандар белгілі болды

Баскетболдан әлем біріншілігінде Токио Олимпиадасына жолдама алғандар белгілі болды

Қытай астанасы Бейжіңде баскетболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

  • 12 Қыркүйек 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл турнирде чемпиондықтан өзге, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем біріншілігінің ширек финалы нәтижелері бойынша Олимпиадаға тікелей шыққан командалар белгілі болды. Еуропа командалары арасынан жолдама алғандар – Франция мен Испания құрамалары. Франция АҚШ командасын жеңсе, Испания Польшаны ұтты.

Бұдан бұрын, тікелей жолдамаларға Аустралия, Иран, Аргентина, АҚШ және Нигерия ие болған еді. Қалған төрт орын іріктеу турнирінде беріледі.


Еске сала кетейік, баскетболдан қазіргі Олимпиада чемпионы – АҚШ құрамасы.

Соңғы жаңалықтар