Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

 

  • 26 Қаңтар 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінің басты кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz

Кештің басты жекпе-жегінде Батыр мексикалық Рикардо Ларамен жұдырықтасты. 10 раундқа белгіленген кездесу, 2 раундта аяқталды. 28 жасар қазақстандық боксшы Жүкембаев қарсыласын сұлатып түсірді. Бұл Батырдың спорттағы мансабындағы 18-ші жеңісі. Және 14-ші рет қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Бастапқыда отандасымыз аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронға қарсы бокстасуы керек еді.Бірақ ол Канадаға виза ала алмағандықтан, Батыр басқа спортшымен шаршы алаң төрінде күш сынасты. 

Соңғы жаңалықтар