Батысқазақстандық пауэрлифтинг шебері Т.Жукова Азия чемпионатында ел намысын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық пауэрлифтинг шебері Т.Жукова Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

Батысқазақстандық пауэрлифтинг шебері Т.Жукова Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

Батысқазақстандық пауэрлифтинг шебері Татьяна Жукова желтоқсан айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

  • 25 Қазан 2012
  • 399
Фото - Caravan.kz


Т.Жукова — Қазақстан мен Азияның бірнеше мәрте чемпионы. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, таяуда ол Көкшетау қаласында өткен кезекті ел біріншілігінде 57 келі салмақта ел рекордын 12 мәрте жаңартып, чемпион атанды. Сондай-ақ аталмыш жарыста 105 келі салмақта Сергей Шуилин, 83 келіде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Шкирман алтыннан алқа тақты. Аман Қапышев (74 кг) пен Виталий Потехин (93 кг) күміс жүлдені еншіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера