Батысқазақстандық самбошы жастар Азия чемпионатынан төрт алтын медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық самбошы жастар Азия чемпионатынан төрт алтын медальмен оралды

Батысқазақстандық самбошы жастар Азия чемпионатынан төрт алтын медальмен оралды

Батысқазақстандық самбошы жастар мен жасөспірімдер Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатынан олжалы оралды.

  • 8 Маусым 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, ересек қыздар арасында Альфия Қабиева 70 килә салмақта Азия чемпионы атанса, белгілі бапкер Темірхан Есеевтің тағы бір шәкірті Айдана Елеусінова да осы салмақта жасөспірім қыздар арасында топ жарды. Жастар арасында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының биылғы түлегі Нұрбол Серіков (бапкерлері — Жеңіс Стамғазиев пен Әлібек Меңдіғалиев) 62 килә салмақта ешкімге дес берген жоқ. Сондай-ақ спортинтернаттан Қазбек Ибрашев пен Райбек Меңдіғалиев жаттықтыратын Болатхан Райымқұлов жасөспірімдер арасында 48 килә салмақта үздік шықты.

Сонымен қатар жасөспірімдерден Нұрхан Мағзомов (бапкері Бейбітжан Елеубай, 52 кг, Сырым ауданынан) күміс жүлдегер атанса, жастардан Райбек Меңдіғалиевтің шәкірттері Сырым Мейірманов (57 кг) пен Мейірхан Нұрмұқанов (52 кг) қола медальмен оралды. Ересек қыздардан Т.Есеев баптайтын Альмира Исатаева, жасөспірім қыздардан Гүлдана Әлмұхамбетова (жаттықтырушысы Мәншүк Баданова) да қола жүлдемен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар