Бауыржан Байбек: Бұқаралық спорт түрін дамыту - біздің міндетіміз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауыржан Байбек: Бұқаралық спорт түрін дамыту - біздің міндетіміз

Бауыржан Байбек: Бұқаралық спорт түрін дамыту - біздің міндетіміз

Алматыда «Медеу» мұз айдынында Спорт күніне арналған алғашқы қазақстандық «CrossFit Bolashak Astana Games 2015» жарысы өтті. 

  • 17 Тамыз 2015
  • 583
Фото - Caravan.kz


Спорттық шараның ашылу рәсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, «Болашақ» Қауымдастық Кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев және «Астана Банкі» директорлар Кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров қатысты. 
Қала басшысы өтіп жатқан шараның басты мақсаты заманауи спорт түрлерін танымал ету, дұрыс демалудың жаңа түрлерін ұйымдастыру, жастарды салауатты өмір салтына кеңінен тарту екенін атап өтті. 
«Мен жастардың басым көпшілігі бұл идеяны қолдайтындығына сенімдімін. Болашақта кроссфит-жарыстарын өткізу алматылықтар үшін дәстүрлі спорт түріне айналмақ. Алматы — бұл еліміздің спорт орталығы. Мұнда 1100-ден астам спорт нысандары орналасқан. Оларды шоғырландыру жағынан біз әлемде жетекші орындамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, «тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті». Ал ұлттың бәсекеге қабілетті болуы — Мәңгілік Елдің басты шарты. Сондықтан, біз үшін бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау әлеуетті міндеттердің бірі», — деді Бауыржан Байбек.
Спорт сайысы барысында Алматы қаласының әкімдігі, «Болашақ» Қауымдастығы және «Астана банкі». Журналистер, блогерлер, бизнесмендер, қазақ эстада жұлдыздары және түрлі компаниялар мен ұйымдар өкілдері арасынан 8 команда өзара сайысқа түсті.

Соңғы жаңалықтар