Жарияланды: 40

Бауыржан Исламхан Қазақстанға оралды

Бауыржан Исламхан Қазақстанға оралды

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Қазақстанға оралды. Бұл жерде отандасымыз допинг дауына байланысты басталған ісінің аяқталуын күтеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Исламхан Азия чемпиондар лигасы аясында өткен ойыннан кейін допинг сынақ тапсырып, оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылды. Кейін бұл мәселеге команданың дәрігері кінәлі екені айтылды. 

Қазіргі уақытта БАӘ мен Азия футбол ассоциациясы бұл жағдайды зерттеп жатыр. Жартылай қорғаушы қазір уақытша футболдан шеттетілді. 

Ал кеше, 20 қарашада БАӘ клубы допинг дауынан кейін Исламханмен келісімшартты бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы UAE Sport News басылымының Twitter желісінде жазылды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін