Бейбіт Шүменов Астанада түрік боксшысымен жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов Астанада түрік боксшысымен жұдырықтасады

Бейбіт Шүменов Астанада түрік боксшысымен жұдырықтасады

Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыздың қарсыласы – түрік боксшысы Хизни Алтункай (30-1, 17 КО).

  • 11 Мамыр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz


Кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов Астанада WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыздың қарсыласы – түрік боксшысы Хизни Алтункай (30-1, 17 КО).

34 жастағы қазақстандық боксшы бұл чемпиондық белбеуді осыған дейін де иеленген. Кейіннен жарақатына байланысты мансабын аяқтаған еді. Қаңтар айында кәсіпқой боксқа қайта оралғанын хабарлаған болатын.

Қазіргі таңда Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) чемпиондығына үміткерлер қатарында екінші орында. Уақытша чемпиондық атаққа ие француз (тегі армян) Арсен Гуламирянға ғана жол беріп тұр. Ол қазақстандық Геннадий Головкинмен бірге жаттығатын боксшылардың бірі.

Түрік боксшысы Хизни Алтункай болса WBA тізімінде үшінші қатарда тұр. Мансабындағы жекпе-жектерінің барлығын дерлік Германияда өткізген. Тек 2017 жылы Гданскіде (Польша) өткізген өзге елдегі жалғыз жекпе-жегінде жеңілген. WBF жүйесі бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие болған. Бір кездері GBC құрлықтық белбеуін иеленген боксшының бірі.

Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункай арасындағы жекпе-жек 7 шілде күні Астанада өтеді. Сондай-ақ осы күні елордада WBA директоратының кеңесі болады.

Айта кетейік, бірінші ауыр салмақта WBA суперчемпионы атағына ие боксшы – ресейлік Мурат Гассиев. Ол да Генаның жаттықтырушысы Абель Санчеспен бірге дайындалатын боксшылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар