Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды
![]() |
АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылады. |
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-ге көтерілді.
АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан 23 жастағы Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-інші, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.
Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды.
Париждегі мастерс жарысының чемпионы болған Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін