Жарияланды: 40

Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға түсіріп, алтын медаль жеңіп алды

Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға түсіріп, алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов "Санкт-Петербург Губернаторының Кубогы - 2021" халықаралық турнирінің жеңімпазы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов финалда ресейлік Имам Хатаевты жеңген. Ол жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға түсірген.

Бекзад Нұрдәулетов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы. Ақордада Президенттің қолынан "Құрмет" орденімен марапатталған.

Қазақстан үшін тағы бір алтынды боксшы Асланбек Шымбергенов жеңіп алды. Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен қарсыласы ресейлік Андрей Замковойды жеңген.

Шымбергенов Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017), 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Замковой 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.

Турнирде тағы үш қазақстандық боксшы қола жүлде иеленді. Олар: Даниял Сәбит, Бекнұр Ожанов және Айбек Оралбай.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін