Беларусь футболшысы есінен танып жатып, гол соғып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь футболшысы есінен танып жатып, гол соғып кетті

Беларусь футболшысы есінен танып жатып, гол соғып кетті

Светлогорскілік "Химик" командасының жартылай қорғаушысы Алексей Пугач осы маусымдағы ең күлкілі голдың авторы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 4 Сәуiр 2017
  • 416
Фото - Caravan.kz

20 жастағы хавбек "Белшина" командасымен жолдастық кездесуде ерекше көзге түсті. Осы оқиға ойынның екінші кезеңінде болды. "Белшина" қорғаушысы өз алаңынан допты шығармақшы болып, тепкен сәтінде допқа қарсы жүгіріп келе жатқан Пугачтың бетіне тиген.  Осының салдарынан "Химик" ойыншысы есінен танып қалды, ал доп болса "Белшинаның" қақпасына дәл барып кірген.  

Айта кетейік, Пугачтың осы әрекеті оның командасына жеңіс алып бермеді. Есеп 2:1 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілді. 


 

Соңғы жаңалықтар