Жарияланды: 450

Белгілі қазақстандық хоккейші қайтыс болды

Белгілі қазақстандық хоккейші қайтыс болды

21 желтоқсан күні танымал қазақстандық хоккейші Андрей Трощинский қайтыс болды. Ол небәрі 37 жаста болатын, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы төрт маусым бойы Андрей Трощинский Қазақстан чемпионатында ойнаған. Ағымдағы маусымнан бастап павлодарлық «Ертістің» жаттықтырушы құрамына өтті. Өз мансабының тоғыз маусымын «Қазцинк-Торпедо» үшін ойнаған, сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамаларының қатарында болды. 
Андрей Трощинский - тағы бір танымал қазақстандық хоккейші, қазіргі кезде мәскеулік ЦСКА жүйесінде жұмыс істеп жүрген Алексей Трощинскийдің інісі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін