Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған.

  • 15 Шiлде 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты.

82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне.

Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр.


 Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Франция мен Хорватия құрамалары кіл мықтыны анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар