"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты

"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) реваншқа дейін бірге баспасөз-конференциясын өткізуден бас тартты.

  • 18 Маусым 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап. 

Промоутердің айтуынша, боксшылар тіпті жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болып шешті.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.

Еске сала кетейік, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен су қалашығы ашылды

Жұлдызнама — 18-24 маусым

Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады

 

 

Соңғы жаңалықтар