”Бірде бір жаттықтырушы тыйым салмады”: Ұлттық құрама қақпашысы көкпар шабуды жалғастыра беретінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бірде бір жаттықтырушы тыйым салмады”:  Ұлттық құрама қақпашысы көкпар шабуды жалғастыра беретінін айтты

”Бірде бір жаттықтырушы тыйым салмады”: Ұлттық құрама қақпашысы көкпар шабуды жалғастыра беретінін айтты

Футболдан Қазақстан құрамасы мен “Астана” клубының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен Чемпиондар лигасында өнер көрсетуді армандайтынын айтты.

  • 23 Желтоқсан
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол “Fonteam” YouTube арнасына берген сұхбатында ұсыныс болса, Еуропаға кеткісі келетінін мәлім етті.

”Еуропа көрсем деген ойым бар, және биыл “Қайрат” Чемпиондар лигасына шықты ғой. Тура солай “Астанамен” мен де ЧЛ-да ойнағым келеді. Мүмкіндік болса, Еуропаға кету керек”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Мұхамеджан Сейсен көпшілікке футболдан бөлек, көкпардың балуаны деп те танылған. Ол сұхбат барысында жаттықтырушылар тарапынан әзірге көкпар шабуға шектеу қойылмағанын айтты.

”Осы уақытқа дейін қанша рет көкпар шауып келе жатырмын, бірде-бір жаттықтырушы тыйым салмады. Жақында барлық пабликтерде видео да шықты. Маған ешкім ештеңе демеді. Сондықтан шаба беремін, тоқта десе, тоқтаймын. Көкпарға барған беталды шаба бермеймін. Ауа райын, жерді, атты да қараймын. Егер ат мығым болып тұрса, бірден мініп аламын. Ал аттың көңіл күйі дұрыс болмаса сырт жақта жүремін. Оны өзің іштей білесің, сезесің”, — дейді ол.

Футболшы Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамаға бас бапкер болып келуі ойыншыларға қалай әсер еткенін де түсіндірді.

”Талғат Байсуфинов жас жігіттерге мүмкіндік берді. Есепке қарайды егер ұтып жатсақ, жастарды шығарып жібереді. Көбі дебют жасады. Ол кісі бас бапкер болғалы көп нәрсе өзгерді. Бірінші ойында Лихтенштейнді 4:0 деген есеппен ұттық. Сол кезде ойын алдында келді. Үстінде әдемі киім. Үстелді ұрып тұрып, “біз қазақпыз деді”. Киімінің алдын ашты, жейдесінде тудың суреті бар екен. Соны көрсетіп “міні эмблема, осы үшін ойнаймыз, оның ар жағында біздің жүрек” деді. Қасымда отырған Дәурен досым “ойынға қазір шығып кетейін бе” деді”, — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера