Жарияланды: 440

Бірінші лигадағы ең үздік футболшылардың есімдері анықталды

Футболдан ҚР Бірінші лигасындағы клубтардың бас бапкерлері арасында өткен сауалнама нәтижесі бойынша

биылғы маусымдағы үздік 22 футболшының есімдері анықталды. «Қайрат» футбол клубының интернет сайтындағы хабарламаға сүйенсек, өткен маусымда «Қайрат-Академия» сапында өнер көрсеткен Руслан Мансұров сол қапталдағы үздік шабуылшы деп танылды. Ол 30 матчқа қатысып, 19 рет қарсыластар қақпасынан саңылау таба алды. Ал «Шығыс», «Астана-1964» командаларындағы өз ойыны кезінде 12 голдың авторы атанған Гейсер Алекперзаде сол қанаттағы екінші үздік шабуылшы атағына қол жеткізді. Жалпы биылғы ел чемпионатында Бірінші лигадағы мергендер көшін «Екібазтұз» командасындағы Қуаныш Бегалин бастаған болатын. Ол қарсыластардың қақпашыларын 22 мәрте қапы қалдырған. Ал одан кейінгі орында Руслан Мансұров тұр. Үздік үштікті 18 голдың авторы атанған «Қыран» командасының ойыншысы Санат Жұмаханов түйіндеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін