Бірінші лигадағы ең үздік футболшылардың есімдері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші лигадағы ең үздік футболшылардың есімдері анықталды

Бірінші лигадағы ең үздік футболшылардың есімдері анықталды

Футболдан ҚР Бірінші лигасындағы клубтардың бас бапкерлері арасында өткен сауалнама нәтижесі бойынша

  • 11 Қараша 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

биылғы маусымдағы үздік 22 футболшының есімдері анықталды. «Қайрат» футбол клубының интернет сайтындағы хабарламаға сүйенсек, өткен маусымда «Қайрат-Академия» сапында өнер көрсеткен Руслан Мансұров сол қапталдағы үздік шабуылшы деп танылды. Ол 30 матчқа қатысып, 19 рет қарсыластар қақпасынан саңылау таба алды. Ал «Шығыс», «Астана-1964» командаларындағы өз ойыны кезінде 12 голдың авторы атанған Гейсер Алекперзаде сол қанаттағы екінші үздік шабуылшы атағына қол жеткізді.

Жалпы биылғы ел чемпионатында Бірінші лигадағы мергендер көшін «Екібазтұз» командасындағы Қуаныш Бегалин бастаған болатын. Ол қарсыластардың қақпашыларын 22 мәрте қапы қалдырған. Ал одан кейінгі орында Руслан Мансұров тұр. Үздік үштікті 18 голдың авторы атанған «Қыран» командасының ойыншысы Санат Жұмаханов түйіндеп отыр.

Соңғы жаңалықтар