БОКС: Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты

БОКС: Азия чемпионатының финалына бес боксшымыз шықты

Бес қазақстандық боксшымыз Бангкоктағы Азия біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

Боксшы Олжас Сәттібаев Бангкокта өтіп жатқан жарыста ақтық сынға жолдама алған алғашқы қазақстандық болды.

Қарсыласы қырғыз өкілі Азат Усеналиевпен (салмақ дәрежесі —  52 келіге дейін) кездескенде барлық төрешілер қазақстандықты жеңіс тұғырына шығарды. Есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27). 

81 келі салмақ дәрежеге дейін өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда ирандық Хассан Шахинимен кездесті.

Әділбек 3:0 (30:27, 30:27, 30:26) есебімен жеңіп финалға шықты.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы моңғол  Тувшинбат Бямба осал болмады. Алайда жерлесіміздің күші басым түсті. Есеп 3:0.


60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапониялық Дайсуке Нариматсуді  жеңген Зәкір Сафиуллин ақтық сынға жолдама алды.

Жартылай финалда ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко Хуссейн Яшаиштен басым түсті. Есеп 3:0 (30:26, 30:26, 30:25).

Соңғы жаңалықтар