Бокс: О.Сәттібаев Азия чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: О.Сәттібаев Азия чемпионы

Бокс: О.Сәттібаев Азия чемпионы

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Олжас Сәттібаев Қазақстан қоржынына алғашқы алтын салды.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 626
Фото - Caravan.kz

52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировпен кездескен болатын. Барынша тартысты өткен 3 раундық кездесу барысында О.Сәттібаев қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. 

Дәл қазіргі уақытта 60 келі салмақ санатындағы боксшымыз Зәкір Сафиуллин 2014 жылы Азиада чемпионы атанған моңғол боксшысы Отгондала Доржнямбуумен жұдырық түйістіруде.

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Зәкір Сафиулин моңғол боксшысынан жеңіліп қалды.

60 келі салмақ санатындағы боксшымыз Зәкір Сафиуллин мен 2014 жылғы Азиада чемпионы атанған моңғол боксшысы Отгондала Доржнямбуу арасындағы жекпе-жек барынша тартысты өтті. Алғашқы екі раундта спортшылар тек өнер көрсетті. Бірақ, үшінші раунда Зәкір шабуыл қарқынын үдетіп, моңғол спортшысының оң қабағын жарып жіберді. Осыдан кейін моңғол боксшысы екі мәрте дәрігердің көмегіне жүгінді. Бірақ, жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен моңғол боксшысы жеңіске жетті.



Айта кетейік, 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз Олжас Сәттібаев бұған дейін  өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировті жеңіп, еліміздің қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.

Соңғы жаңалықтар