Бокс: Қ. Рысқұлбековті еске түсіруге арналған Х халықаралық турнир - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: Қ. Рысқұлбековті еске түсіруге арналған Х халықаралық турнир

Бокс: Қ. Рысқұлбековті еске түсіруге арналған Х халықаралық турнир

Алматыда Қазақ туризм және спорт академиясы бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске түсіруге арналған Х халықаралық турнир өткізіп жатыр.

  • 31 Мамыр 2011
  • 340
Фото - Caravan.kz

30 мамыр күні басталған бұл жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиядан 107 боксшы қатысуда. 10 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан бұл дода биыл ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына арналып отыр.

«Былтыр оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан боксшылар қатысқан еді. Маусымның 2-сіне дейін созылатын бұл додаға қатысып жатқан боксшылардың арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері және «Астана арландары» клубының мүшелері бар. Мәселен 2010 жылғы ел чемпионы МирасЖақыпов (51 кг), күміс жүлдегер Марат Қиясов (81 кг), қола жүлдегер Мардан Берікбаев (48 кг) және тағы басқалар», — дейді Қазақ туризм және спорт академитясының бокс кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Асқарұлы.

Соңғы жаңалықтар