Бокс: Қазақстан чемпионатына 180-ге тарта спортшы қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: Қазақстан чемпионатына 180-ге тарта спортшы қатысуда

Бокс: Қазақстан чемпионатына 180-ге тарта спортшы қатысуда

Астанада бокстан ересектер арасында Қазақстан ұлттық чемпионаты өз жалауын көтерді.

  • 23 Қараша 2012
  • 432
Фото - Caravan.kz

Оған 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 179 боксшы қатысуда. Сан жағынан ең үлкен жасақ — 16 спортшы ұсынған Астана құрамасы. Алматы 15 боксшыны алып келген. Ең аз өкілдік Атырау, БҚО және СҚО облыстарының еншісінде. Олар біріншілікке бес-бес боксшымен өнер көрсетеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, жекпе-жек барысында боксшылар арнайы шлемсіз жұдырықтасады. Сонымен қатар кездесуді бес төреші емес, үш төреші бағалайтын болады. осыған орай, Қазақстанның бокс федерациясы төрешіліктің сапасын арттыру мақсатында, алдын ала төрешілерге семинарлар өткізген. Оқыту барысында отандық мамандар АИБА сарапшыларының жетекшілігімен жаңа жүйенің сырын меңгерген. Бұл жүйе WSB нұсқасындағы жекпе-жектерде кеңінен қолданылып жүр.

Бокстың жаңашылдықтары тек ересектер арасында енгізілген. Балалар мен әйелдер бұрынғысынша бас шлемімен жұдырықтасады.

Қазақстан біріншілігі «Дәулет» ұлттық теннис орталығында 22-29 қараша аралығында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера