БОКС: Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты
![]() |
Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатында алдын ала айқастың алты күнінің қорытындысы бойынша 13 қазақстандықтың ішінен жартылай финалға 5 боксшы шықты. |
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ширек финалда жарыс мынадай нәтижені көрсетті:
Айбек Досанов (46 келі) - Титисана Панмод (Тайланд) 2:1;
Хуршедшох Искандаров (80 келі) - Кренар Алью (Финляндия) 3:0;
Даулет Нысан (50 келі) - Эрисланди Альварес (Куба) 2:1;
Айбол Жамбырбай (63 келі) - Саяд Лалаев (Әзербайжан) 3:0;
Саматали Толтаев (52 келі) - Муроджон Алиев (Өзбекстан) 3:0;
Ардақ Алимхан (81 келі) - Даниэль Мальсам (Германия) 0:3;
Дәулет Заушев (70 келі) - Силард Ласло (Венгрия) 1:2;
Алдияр Тұрсынәлі (66 келі) - Эдгар Цамбов (Ресей) 0:3.
Осылайша, біздің бес боксшымыз медальға таласатын болды.
AIBA қағидасы бойынша чемпионатқа 13 салмақ санатында 17 жасқа дейінгі жастар қатысады. Олар 3 раундтық айқас өткізеді, әр раунд екі минутқа созылады.
Онлайн-көрсетілім мен айқас нәтижелерін әлемнің жастар чемпионатына арналған stpetersburgboxing.org. сайтынан көруге болады. Бірінші жартылай финалдық сессия бүгін Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де, екіншісі - 21 сағатта ашылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін