Жарияланды: 410

Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінде жеңімпаз атанды

Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық боксшы Мадина Нұрашева Польшада өткен Silesian Open-2023 турнирінің жеңімпазы болды. 

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

70 келіге дейінгі салмақ санатындағы Мадина Нұрашева ақтық кездесуде польшалық Патрисия Гживиньскамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен мерзімінен бұрын аяқталды: бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді, ал екінші раундта рефери П.Гживиньсканың жағдайын ескеріп, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, Мадина Нұрашева Silesian Open-2023 турнирінің алтын медалін жеңіп алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін