Жарияланды: 950

Боксшы Майк Тоуэлл нокауттан кейін көз жұмды

Боксшы Майк Тоуэлл нокауттан кейін көз жұмды

Жартылай орта салмақтағы шотландиялық боксшы Майк Тоуэлл Дэйл Эванспен өткен жекпе-жекте алған жарақаттан соң ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады The Daily Mail.

Кездесу 29 қыркүйек күні кешкі уақытта Шотландияның Глазго қаласында, Radisson Blu Hotel-де болған. The Sun газетінің жазуынша, Тоуэлл бірінші раундта нокдаун алып, бесінші раундта нокаут алған. Бұл соққының күштілігі соншалық, жекпе-жек тоқтатылып, Тоуэллді ауруханаға алып кеткен.

Тоуэллдің менеджері спортшының ауыр жарақат алғанын және хал үстінде жатқанын хабарлады. Оны өкпе желдеткіш аппаратқа қосып қойды. Алайда, көрсетілген медициналық жәрдемге қарамастан, 1 қазанға қараған түні боксшы көз жұмды.

Майк Тоуэлл 25 жаста еді, кәсіби бокста 12 кездесу өткізіп, 11 ойынды жеңіспен, ал біреуін тең аяқтаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть