Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 466.33
  • 538.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты

Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады.

  • 7 Сәуiр
  • 3
Фото: ҰОК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен қолғап түйістірді.

Үш раунд бойы Оразбек Асылқұлов басымдық танытты. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлесіміз ақтық сынға өтті.

Айта кетейік, бүгін, кешкі сессияда 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.