Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
12 қыркүйекте шаршы алаңға алты боксшымыз шығады. Назым Қызайбай мен Санжар Тәшкенбай ширек финалдық кездесулерін өткізсе, қалған төрт боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді.
Күндізгі сессия 16:00
48 келі. 1/4 финал, Назым Қызайбай vs Ханна Охота (Украина)
50 келі. 1/4 финал, Санжар Тәшкенбай vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
60 келі. 1/2 финал, Виктория Графеева vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
Кешкі сессия 22:00
65 келі. 1/2 финал, Аида Әбікеева vs Грейн Мари Уолш (Ирландия)
+80 келі. 1/2 финал, Елдана Талипова vs Агата Кацмарска (Польша)
+90 келі. 1/2 финал, Айбек Оралбай vs Хулио цезарь Ла круз (Куба)
Еске сала кетейік, 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.