Жарияланды: 740

БОКСТАН ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық есеп бойынша 8-ші орынға қол жеткізді

БОКСТАН ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық есеп бойынша 8-ші орынға қол жеткізді

Доха қаласында ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Оның барысында 10 награда жиынтығы ойнатылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Елдер бойынша есепте Куба жеңіске жетті (4-2-1), екінші орынды Ресей (2-1-1) алды, үздік үштікті әзербайжандықтар (1-1-2) тұйықтады.

Қазақстан құрамасы екі күміспен 8-ші орынға тұрақтады.
Еске салайық,  Дохада бокстан мәреге жеткен Әлем чемпионатының ақтық шайқасында қазақстандық боксшыИван Дычко мен Қазақстан құрамасының капитаныДанияр Елеусінов күміс жүлде иеленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін