Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық айқастар өтуде деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Күндізгі сессияда алғаш болып 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен финалға жолдаманы сарапқа салды.Үш раундтың қорытындысы бойынша да Санжар Тәшкенбай басымдық танытты. Осылайша айқын басымдықпен финалға шықты.
Одан кейін 54 келіде Махмұт Сабырхан кубалық Йосвани Вейтиамен жұдырық түйістірді. Махмұд Сабырхан да тәжірибелі кубалық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша әзірге екі боксшы ақытық сынға жолдама алды.