Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға Ералиев, Аманқұл және Ибрагимов шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға Ералиев, Аманқұл және Ибрагимов шығады

Бүгін Германияның Гамбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі доданың бірінші күнінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады.

Қазақ боксшылары арасындағы әлем чемпионатында бірінші болып Қайрат Ералиев шаршы алаңға шығады. Бүгін 56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз күндізгі сессияда мексикалық Кристофер Флорезбен кездеседі.

Күндізгі сессияда тағы бір саңлағымыз өнер көрсетеді. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл австралиялық Кэмпбэлл Сомервилмен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессияда 64 келі салмақтағы боксшымыз Бекдәулет Ибрагимов бағын сынайды. Оның қарсыласы шриланкалық Душан Сапарамаду.

Айта кетейік, бұл екі сессияны да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляциялар 17:55 және 22:55-те басталады.

  • 25 Тамыз 2017
  • 817
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар