Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
0 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қос боксшымыз шаршы алаңға шығады.

  • 5 Қыркүйек 2025
  • 349
Фото: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

57 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Карина Ибрагимова грекиялық Панагета Кузилумен кездессе, Аида Әбікеева (65 кг) мажарстандық Лука Хаморимен қолғап түйістіреді.

Ел намысын қорғайтын екі боксшы да күндізгі сессияда өнер көрсетеді. Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында 4 қыркүйек күні басталған бокстан әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға екі боксшымыз шыққан еді. Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Элина Базарова шықты.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол алғашқы кездесуін өзбекстандық Нигина Уктамоваға қарсы өткізді. Нәтижесінде, өзбекстандық боксшы басымдық танытып, Элина Базарова жеңіліп қалды.

Ал екінші болып өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Сағындық алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ, жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.