Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әлемдік додада ел намысын қорғайтын жігіттер бүгін, 26 тамызда жолға шықты. Олар алдымен Англияның Шеффилд қаласына аттанып, сол жерте бірлескен жаттығуға қатысады. Ал, World Boxing әлем чемпионатының өзі 4-14 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Бибарыс Жексен, Ертуған Зейнуллинов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов, Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай бақ сынайды.