Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды

Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды

Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті.

  • 5 Маусым 2022
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған.

Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп — 116-112, 116-112 және 118-110.


Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Австралияда өтуі керек екені айтылған.

Соңғы жаңалықтар