Бокстан Азия чемпионаты: 2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Азия чемпионаты: 2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды

Бокстан Азия чемпионаты: 2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды

Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады

  • 2 Қараша 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Иордания астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. .

Айта кетсек, құрлықтық дода 1 қарашада жалауын көтерді. Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан ешкім шаршы алаңға шыққан жоқ.

2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды.

Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен қолғап түйістірсе, 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен кездеседі.

Бұл күнгі тағы бір жекпе-жек 63,5 келіде Санатәли Төлтаев пен өзбекстандық Руслан Абдуллаев арасында өтеді.


Ал қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен айқасады.

Жалпы құрлықтық додада ерлер – 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.

Қазақстанның ерлер құрамасы сапында кімдер ойын көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ел намысын қорғайтын ҚР әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар