Жарияланды: 540

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: Қайрат Ерәлиев жартылай финалға шықты (ФОТО)

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: Қайрат Ерәлиев жартылай финалға шықты (ФОТО)

 Бокстан Азия чемпионатының ширек финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Қайрат Ерәлиев (56 келі) өзінің қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан. 

Ол моңғол боксшысы Идерхуу Энкхджаргналмен жұдырықтасқан еді. 

Қайрат Ерәлиев қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша, ол Азия чемпионатының жартылай финалына шығуымен өзіне сайыс медалін қамтамасыз етті. 

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Василий Левит (91 келі) аталмыш додада иорданиялық Махмуд Алматбулиден басым түсіп, жеңіске қол жеткізді.

Өкінішке орай, Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) өзінің қарсыласы өзбекстандық Бектемір Меликузиевтен ұтылып қалды. 

Еске салайық, 25 тамыз-5 қыркүйек аралығында Таиландта бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

null
 
null
 
null
 
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін