“Бокстан ел біріншілігіне әлем чемпионатының жүлдегерлері қатыса ма”: Федерация өкілі жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бокстан ел біріншілігіне әлем чемпионатының жүлдегерлері қатыса ма”: Федерация өкілі жауап берді

“Бокстан ел біріншілігіне әлем чемпионатының жүлдегерлері қатыса ма”: Федерация өкілі жауап берді

Бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Семей қаласында өтеді.

  • 7 Қазан
  • 135
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловтың айтуынша, ел біріншілігіне әлем чемпионатының кейбір жүлдегерлері қатыспайды.

”Құрметті бокс сүйер қауым, қазақстандықтар, өздеріңіз білетіндей биылғы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 14-21 қазан аралығында Абай облысы, Семей қаласы, “Абай арена” спорт кешенінде өтеді. Бұл жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен боксшылар қатысады. Ел біріншілігіне әлем чемпионатында жүлделі орын алған спортшылардың кейбіреуі қатыспайды, қалғандарының бәрі қатысады. Сонымен қатар, бұл чемпионат жаңа “World Boxing” ұйымының салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Біз 2026 жылға жақсы команда жасақтап алуымыз керек. Себебі, өздеріңіз білетіндей, келер жылы төрт жылда бір келетін Азия ойындары болады. Ол біздің еліміз үшін маңызды жарыстардың бірі. Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсету үшін құрама жақсы команда жинау керек”, — дейді ол.

Сондай-ақ, бас хатшы боксшылардың Әлем кубогының финалдық кезеңіне арнайы шақыртумен ғана қатыса алатынын да айтты.

”Жастар, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты қазан, қараша, желтоқсан айларында өтеді. Барлық жастар дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионатының нәтижесімен 2026 жылғы ұлттық құрамалар бекітіледі.

Биылғы жылдың соңғы жарыстардың бірі — Әлем кубогінің финалдық кезеңі. Онда әртүрлі салмақ дәрежесіндегі әлемнің 8 мықты боксшы жиналады. Сол бойынша біздің боксшыларға өтінім бердік. Бұл жарысқа шақырумен қатысады. Қазір қай боксшыларды Әлем кубогінің финалдық кезеңіне шақыратынын күтіп отырмыз. 2025 жылдың соңғы жарысы — Қазақстан бокс федерациясының кубогы. Қазіргі таңда үш аймақ бойынша жеңімпаздар анықталып, жартылай финалға жолдама алды. Олар: Қарағанды облысы, Астана және Шымкент қалалары. Енді батыс өңірінің командалары 3-9 қараша аралығында іріктеледі. Осылайша төртінші жартылай финалист анықталып, 12-14 желтоқсан арасында Астана қаласында жартылай финалдық және финалдық кезең өтеді”, — дейді Мерей Ақшалов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера