Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.63
  • 535.13
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді.

  • 13 Қыркүйек
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. 

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз. 

«Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз», — деді бас бапкер. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті. 

Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.