Бокстан олимпиадалық іріктеу турнирі: Бүгін үш боксшымыз рингке шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан олимпиадалық іріктеу турнирі: Бүгін үш боксшымыз рингке шығады

Бокстан олимпиадалық іріктеу турнирі: Бүгін үш боксшымыз рингке шығады

 

  • 9 Наурыз 2020
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан сапынан үш боксшы шаршы ашы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

 Атап айтсақ, ерлер құрамасынан 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келіде Серік Теміржанов және 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салады. Жалпы аталған Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің іріктеу турниріне ерлерден 8 салмақтан 8 боксшы аттанған болатын. Кеше, яғни 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні бес боксшымыз Олимпиада лицензиясын қанжығаларына байлады. Олар — 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит, 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл және аса ауыр салмақта (+91) ел намысын қорғап жатқан Қамшыбек Қоңқабаев. Енді, бүгін Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Зәкір Сафиуллин Олимпиада жолдамасын жеңіп алса, бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Токиоға толық құрамда барады. Осы орайда айта кетейік, бүгін С. Бибосынов қытайлық Ху Жинхуамен, С.Теміржанов ирандық Даниал Шахбахпен, ал З. Сафиуллин ирандық Ашкан Резаеимен кездеседі. Сондай-ақ, әйелдер құрамасынан 75 келіде қазақстандық боксшы Надежда Рябец те Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алды.



 

Соңғы жаңалықтар