БҚО-да құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық чемпионат өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық чемпионат өтті

БҚО-да құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық чемпионат өтті

Ақ Жайық өңірінде құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында шағын футболдан республикалық ашық чемпионат өтті, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиева.

  • 7 Маусым 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

Чемпионатқа ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚМ Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратурасы, ӘМ Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшылығы, ҚМ Кедендік бақылау комитеті және БҚО Ішкі істер департаментінен барлығы тоғыз команда қатысты.

Айтулы бәсекенің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Аталған жарыс жеке құрамның дене шынықтыру дайындығын жетілдіріп, дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, ведомстволық сала қызметтерінің қызметкерлерін жүйелі түрде спорттық ойындарға тартуды көздейді. Құқық қорғау органдары арасында жыл сайын ұйымдастырылып тұратын спорт ойынының бұл түрі облысымызда алғаш рет өткізілуде, — деді БҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов. Сондай-ақ, Талғат Хасанұлы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұханбетовке, облыстық жастар туризм және спорт басқарманың бастығы Мүслім Оңдағановқа және «Ақжайық» футбол клубының директоры Рашид Хуснутдиновке шараны өткізуді қолдап, көмектескендеріне алғыс білдірді.

ҚР ІІМ «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы спорт басқармасының бастығы Николай Князев жарысты тамашалауға қатысып, ашылу салтанатында сайыскерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, осы рәсімде спорт ардагері, 1956 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары спартакиадасына қатысушы Александр Отбалов пен БҚО «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының жаттықтырушысы Карл Махамбетовке «Құрметті динамошы» төсбелгісі мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Екі күнге созылған дүбірлі жарыста командалар А және Б тобына бөлініп, шеберлік танытып, тартысты кездесулер өткізді. Финалға ҚМ Кедендік бақылау комитеті мен Ішкі істер министрлігінің командасы сурылып шығып, бірінші орынға таласты. Ойын қорытындысы бойынша командалық есепте ҚР Кедендік бақылау комитеті бірінші, Ішкі істер министрлігі екінші, ҰҚК Шекара қызметі дирекциясы үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ ҰҚК-ның ойыншысы Н.Байменов «Үздік шабуылшы», Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілі М.Әубәкіров «Үздік қақпашы», ҰҚК шекара қызметі дирекциясынан Р.Сарқұлов «Үздік қорғаушы» аталымымен марапатталды. Жеңімпаз командалар «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының атынан кубок, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар