Бразилия қазақстандық жас футболшыларды оқыту тәжірибесін кеңейтуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилия қазақстандық жас футболшыларды оқыту тәжірибесін кеңейтуге дайын

Бразилия қазақстандық жас футболшыларды оқыту тәжірибесін кеңейтуге дайын

Бразилия қазақстандық жас футболшыларды оқыту тәжірибесін кеңейтуге дайын. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

  • 26 Шiлде 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Латын Америкасының бірқатар еліне жасаған сапары нәтижесінде осындай қорытынды жасалған. Р.Жошыбаевтың Бразилия сыртқы байланыс министрінің орынбасары Хадил да Роча Вианнамен келіссөздері барысында спорт саласындағы ынтымақтастықтың оң қарқыны атап өтілген. «Бразилия бұған дейін қолға алынған қазақстандық жас футболшыларды оқыту тәжірибесін кеңейтуге дайын», — деді І.Омаров.

Мемлекет басшысы әлемдегі танымал спорт түрі футболдың елімізде дамуына ерекше көңіл аударып келеді. Дегенмен Қазақстанда осы спорт түрінің ақсап тұрғаны шындық. 2007 жылы Бразилияға сапармен барған ҚР Президенті Бразилия Президентімен футбол ісін дамытудағы ынтымақтастыққа қол жеткізген еді. Осыған орай 2009 жылдың көктемінде футбол өнерінің қыр-сырын меңгеруге буыны қатая қоймаған 26 жасөспірім іріктеп алынып, осы спорт түрінің отаны саналатын Бразилия елінің «Оле Бразил Клаб» футбол академиясына тәлім алуға жіберілген болатын. Бірақ өткен жылы бразилиялық тараптың ұсынысы бойынша аталған балалардың 8-і ауыстырылған-ды. Айта кетерлігі, футбол өнерінің қыр-сырын меңгерудің алғашқы жылында-ақ өз ойын өрнектерімен ерекшеленген Рауан Сариев пен Берік Шайхов «Оле Бразил» командасының құрамына қабылданып, біздің аяқдоп шеберлерінің командасы әртүрлі турнирлердің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Сан-Пауло штатының чемпионы атағына да қол жеткізген еді. Мемлекет 1 жасөпірімді аяқдоп өнеріне баулуға жылына 20 мың АҚШ долларын бөліп отыр.

Соңғы жаңалықтар