Бразилиялықтар 2018 жылғы ӘЧ-де жеңімпаз атанса миллион доллардан алады - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиялықтар 2018 жылғы ӘЧ-де жеңімпаз атанса миллион доллардан алады - БАҚ

Бразилиялықтар 2018 жылғы ӘЧ-де жеңімпаз атанса миллион доллардан алады - БАҚ

Футболдан Бразилия құрамасының футболшылары Ресейде өтетін әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған жағдайда әр қайсысы миллион доллардан алады.

  • 28 Мамыр 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

  Басылым мәліметінше, осынша қаражатты команданың бас бапкері Тите мен оның көмекшілері де алады, ал делегацияның басқа мүшелері одан аз көлемде алады. 

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде ел құрамасына 35 миллион доллар төленетін болып уәде етілген, алайда бразилиялықтар төртінші орын алып қалды. Бразилия құрамасын 2002 жылы чемпиондыққа алып келген Луис Фелипе Сколари небәрі 100 мың доллар алған. 

Бразилия футболшылары топтық кезеңде Швейцария, Коста-Рика және Сербиямен ойнайды.


 

Соңғы жаңалықтар