Жарияланды: 490

Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді

Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді.

227 шақырымдық бұл сын жарыс жолының ең ұзын кезеңі болып отыр. Бұған дейінгі 5 кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық "Астана" велоклубының шабандоздарынан Александр Винокуров 16-шы, Дмитрий Фофонов 37-ші, Роман Кройцигер 51-ші, Андрей Зейц 91-ші, Реми Ди Грегорио 114-ші, Томас Вайткус 135-ші, Андрей Гривко 142-ші, Паоло Тиралонго 164-ші, Максим Иглинский 174-ші орында келе жатыр. Ал бұл көшті 17:36:57 уақыт көрсеткішімен "Garmin-Cervelo" клубының шабандозы норвегиялық Тор Хушовд (Thor Hushovd) бастап келеді. Одан 1 секундқа қалып қойған "BMC Racing" клубынан австралиялық Кадел Еванс (Cadel Evans) - екінші орында. Үздік үштікті жеңімпаздан 8 секундқа артта келе жатқан "Leopard Trek" клубының спортшысы Франк Шлек (Fränk Schleck) түйіндеп тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін