Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді

Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді

Бүгін әйгілі "Тур де Франс" көпкүндігінің 227 шақырымдық 6-кезеңі өтеді.

  • 7 Шiлде 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

227 шақырымдық бұл сын жарыс жолының ең ұзын кезеңі болып отыр. Бұған дейінгі 5 кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық «Астана» велоклубының шабандоздарынан Александр Винокуров 16-шы, Дмитрий Фофонов 37-ші, Роман Кройцигер 51-ші, Андрей Зейц 91-ші, Реми Ди Грегорио 114-ші, Томас Вайткус 135-ші, Андрей Гривко 142-ші, Паоло Тиралонго 164-ші, Максим Иглинский 174-ші орында келе жатыр. Ал бұл көшті 17:36:57 уақыт көрсеткішімен «Garmin-Cervelo» клубының шабандозы норвегиялық Тор Хушовд (Thor Hushovd) бастап келеді. Одан 1 секундқа қалып қойған «BMC Racing» клубынан австралиялық Кадел Еванс (Cadel Evans) — екінші орында. Үздік үштікті жеңімпаздан 8 секундқа артта келе жатқан «Leopard Trek» клубының спортшысы Франк Шлек (Fränk Schleck) түйіндеп тұр.

Соңғы жаңалықтар