Бүгін Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды қабылдайды

Бүгін Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды қабылдайды

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында «Астана Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасын қабылдайды.

  • 3 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл чех маманы Мирослав Беранек тізгінін ұстағаннан кейінгі біздің команданың «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы екінші, топтық турнирдегі алтыншы ойыны. Біздің команда бұған дейін бес матч өткізіп, соның барлығында да жеңіліп қалды. Тиісінші бірде-бір ұпайсыз «А» тобында соңғы орында келеді. Атап айтар болсақ, Қазақстан құрамасы өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2. Германиядан 0:4 есебімен ұтылып қалған болатын.

Айта кетейік, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Германия, Түркия Австрия , Бельгия және Әзірбайжан құрамаларымен бірге «А» тобында ойнауда.

Қазақстан-Әзірбайжан құрамаларының арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Бас жаттықтырушы Әзірбайжанмен болатын ойынға мына ойыншыларды шақырды.

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды); Владимир Логиновский («Жетісу»);

Қорғаушылар: Самат Сымақов («Ақтөбе»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Каримов («Вольфсбург», Германия), Марк Гурман («Астана» , Михаил Рожков («Астана» ), Қайрат Нұрдаулетов («Астана» ), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Александр Киров («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Марат Хайрулин («Ақтөбе»), Қазбек Гетериев («Жемчужина» Сочи, Ресей), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Астана» ), Марат Шахметов («Астана» ), Хайнрих Шмидтгаль («Оберхаузен», Германия), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды), Жамбыл Көкеев («Шахтер» Қарағанды), Виталий Евстигнеев («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Сергей Лисенков («Ақтөбе»), Сергей Остапенко («Жетісу»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобыл»)

Соңғы жаңалықтар