Бүгін Сан-Паулуда Роналдоның қоштасу матчы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Сан-Паулуда Роналдоның қоштасу матчы өтеді

Бүгін Сан-Паулуда Роналдоның қоштасу матчы өтеді

7 маусымда Сан-Паулуда атақты футболшы Роналдоның спортпен қоштасу матчы өтеді.

  • 7 Маусым 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесу Бразилия мен Румыния құрамасының арасында болады, деп хабарлайды әлемдік БАҚ-тар.

Теңбіл доп шебері Бразилия құрамасының қатарында соңғы рет алаңға 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатында шыққан еді. Сол жолы Бразилия ширек финалда Франциядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Одан кейін жалғасқан жарақаттар Роналдоға өз елі үшін өнер көрсетуге мүмкіндік бермеді. Ағымдағы жылдың басында футболшы мәлімдеме жасап, соңғы уақытта денсаулығы сыр бере бастағандықтан үлкен спортпен қоштасатындығын жария етті.

Роналдо екі рет әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша үш рет жылдың үздік футболшысы атанған.