Жарияланды: 510

Бүгін Шелек өзенінде «CHILIK RaLLy 2015» жарысы басталады

Бүгін Шелек өзенінде «CHILIK RaLLy 2015» жарысы басталады

3-6 қыркүйек аралығында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы арқылы ағатын Шелек өзенінде рафтинг бойынша «CHILIK RaLLy 2015» жарысы болады.

Бұл туралы Қазақстанның рафтинг федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Рафтинг бойынша «CHILIK RaLLy 2015» федерация Кубогы - Қазақстанның рафтинг федерациясы ұйымдастыратын жазғы жарыстарының соңғы кезеңі.

Жарыста еліміздің туристік және спорттық клубтарының әуесқой және кәсіпқой командалары ұзақ қашықтыққа жарысу, жақын қашықтыққа қатар жарысу және слалом бойынша өзара бақ сынасады.

«Шелек өзенінде өтетін күзгі жарыстарға қатысушылар да, көрермендер де көптеп келеді. Өйткені, мұнда ең қызықты трассада рафтингтің барлық түрі бойынша жарысуға болады. Оның үстіне «CHILIK RaLLy» Кубогын табиғат аясындағы жарыстардың, палаткада түнеп, таза ауада демалудың өзіндік бір соңғы маусымы деуге болады», - деді Қазақстан рафтинг федерациясының президенті Максим Зимин.

Айта кетелік, жарыс өткізу лагеріне келу және тіркелу 3 қыркүйек күні басталады. Ал жұма күні «R6A» санатындағы командалардың жарысы өтеді.

Сенбі күні таңертең сағат 10:00-де әуесқой командалар тіркеледі. Көп ұзамай сағат 11:00-де «әуесқойлар» санаты бойынша ерлер мен әйелдер арасында жарыс басталады.

Жексенбі күні буырқанған тау өзенінде слалом бойынша жарыс өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін