Бүгін Түркияның Самсун қаласында әлемдік Гран-При сериясының екінші кезеңі басталды
![]() |
Бүгін, 18 қыркүйек күні Түркияда әлемдік Гран-При сериясының екінші кезеңі басталды. |
Самсун қаласы қатарынан екі күн бойы Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі ең беделді жарысты қабылдайды.
G4 деңгейіндегі байрақты додада ел намысын таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы жылдардағы көшбасшысына айнала білген, 2014 жылғы үздік қазақ таеквондошысы атанған Нұрсұлтан Мамай қорғайтын болады, деп хабарладыспорттың осы түрінен республикалық федерацияның баспасөз қызметі.
Қандасымыз осы шығыс жекпе-жек түрінен барлық қажетті ұпай санын жинап, әлемдегі үздік 32 саңлақтың қатарына кірген жалғыз ұлттық құрама өкілі болып шықты.
Самсун қаласына Нұрсұлтан Мамай таеквондо профессоры, ұлттық құрама кеңесшісі, француз маманы Филип Пинер жетекшілігімен аттанды.
Жыл сайын үш Гран-при сериясы, сондай-ақ осы байрақты доданың финалы қарастырылған. Бұл беделді жарыстың үш кезеңі биыл Мәскеу, Самсун және де Манчестер қаласында өтеді. Осы турнирде көзге түскендердің барлығы Мексика астанасы, Мехико қаласында өтетін финалда өнер көрсетеді.
Нұрсұлтан Мамай Рио-2016 ойындарына қатысуға бірден-бір үміткер. Олимпиада лицензиялары бұл кез-келген Федерация мен кәсіпқой спортшының басты мақсаты екені айдан анық.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін