Бүгін Ұлттық лигадағы волейболшы қыздар ақтық ойындарын өткізеді
Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының 2-ші туры өтіп жатыр. |
Онда талдықорғандықтарды («Жетісу») өкшелеп келе жатқан астаналықтар әзірге ұпай айырмасын қысқарта алған жоқ. Қазір 6 ойынның қорытындысы бойынша «Жетісуда» - 17, «Астанада» - 12, «Ертіс-Қазхромда» (Павлодар) - 8, «Қарағандыда» - 6, «Алматыда» - 5 ұпай бар. Талдықорғандықтар бүгін қарағандылықтармен, ертең алматылықтармен, ал астаналықтар бүгін павлодарлықтармен, ертең қарағандылықтармен ақтық ойындарын өткізеді.
Бірде-бір ойында жеңіліс таппаған «Жетісу» турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінде ешкімге берер емес. Екі турда да оларға есе жіберген астаналықтар болса екінші орынды қанағат тұтуда. Ал қоржынына бұл жолы бірде-бір ұпай қоса алмаған алматылықтар өз орнын қарағандылықтарға босатып, турнир кестесінде соңғы сатыға түсіп қалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін