Жарияланды: 20

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды

Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды

Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржыны екі қола медальға толықты.

Бұл туралы BAQ.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АОСК құрамына жүлдені грек-рим күресінен армия спортшылары әкелді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдос Сұлтанғали үшінші орынға иеленді. Ол Үндістан палуаны - 2019 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері Гьянендера Дахияны 6:3 есебімен жеңді.

76 келіге дейінгі салмақта армия спортшысы Гүлмарал Еркебаева Литва чемпионы Грета Стэпонитені 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші «қоланы» әкелді. Бес күндік жарыс қорытындысымен медаль саны жағынан ойын қожайыны – Қытай көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында – бір алтын, бір күміс және үш қола бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін